Дуриан () – құлқайырлар тұқымдасына жататын Малайзияда, Иңдонезияда, Тайландта және Оңтүстік Филиппинде өсетін тропикалық жеміс. Жақсы дуриан бананға, мангоға, ананасқа, піскен папайя мен ванильге ұқсас дәмге ие. Кейбіреулер оны жемістер патшасы деп атайды. Өткір иісті тікенекті қабығынан шығады. Футбол добына сай өлшемі бар, ауыр жемістің жасыл тікенекті қалың қабығы бар, іші ақ қабырғалармен беліктерге бөлінген, әр бөліктің ішінде үш-төрт ірі жылтыр ашық қоңырдан ашық сары түсті тұқымы бар. Дурианды тосап, балмұздақ және кәмпит жасауда қолданады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер
Санат:Құлқайырлар Санат:Жемістер