Бәйдеш Нұрбаев (1935 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы - 2006 жылы Маңғыстау облысы) — дәрігер. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі. "Халықтар Достығы" орденінің иегері. Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы.
Толығырақ Бәйдеш Нұрбаев 1935 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 1963 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген. 1963 - 1966 жылдары Шевченко қаласында Ералиев ауданы ауруханасында дәрігер. 1966 - 1968 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординатурасында дәрегер. 1968 - 1969 жылдары Маңғышлақ станциясында хирург-дәрігер. 1969 - 2004 жылдары жоғары санатты хирург-дәрігер, хирургия бөлімінің, Жаңаөзен қаласындағы орталық аурухананың қан құю бөлімінің меңгерушісі болды.
Марапаттары 1979 жылы Социолистік жарыс жеңілімпазы алтын медалі 1981 жылы КСРОның Халықтар Достығы орденімен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы берілді. КСРОның Еңбек ардагері медалімен марапатталған. Денсаулық сақтау ісінің Үздігі.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері