Тұрмағамбетов Қуан Мәмішұлы (9 мамыр 1937, Түрікменстан, Түрікменбашы ауданы Қошоба ауылы - 19 наурыз 2022, Ақтау) – педагог, партия қызметкері. ҚазҰУ-ды (1967), Ташкент жоғары партия мектебін (1986) бітірген. 1955 – 1974 жылдары Красноводск қаласындағы №3 орта мектепте мұғалім, қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1974 – 1985 жылдары Красноводск облысы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 1985 – 2000 жылдары Красноводск ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, мектеп директоры болды. 2000 жылдан Ақтау қаласындағы №24 мектепте мұғалім. «Ерен еңбегі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медальдарымен марапатталған.«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері