Аралық позиция — инженерлік тұрғыда жабдықталган қорғаныстың бірінші және екінші жолақтары арасындағы қорғаныс позициясы. Ол карсыластың шабуылын әрі қарай болдырмау мақсатында қорғаныстың бірінші жолағынан шегінген, тереннен келген немесе шабуылданбаған өңірлерден алға шығарылған әскерлердің орналасуына арналады. Кейбір жағдайларда аралық позиция қарсы соққы (қарсы шабуыл) жасау үшін екінші эшелондардың (қорлардың) жайылу шебі болады. Аралық позицияның негізін өзара майданшеп және тереңдік бойынша атыс пен бөгеттердің бірыңғай жүйесімен байланыскан роталық тірек пункттері жүйесі құрайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс