Географиялық детерменизм - қоғамдық өмір және саяси даму құбылыстарын табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен елдің немесе аймақтың географиялық орналасуы арқылы түсіндіретін концепция.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Географиялық детерменизм өндіргіш күштерді орналастыруда жергілікті табиғат жағдайлары мен экономикалық және әлеуметтік жағдайларды нақты есептеуді талап етеді. Географиялық детерменизмге қарама-қарсы түжырымды географиялық индетерменизм деп атайды. Ол қоғам мен табиғи ортаның өзара әрекеттестігінің себептілігін мойындамайды. Қоғам дамуындағы географиялық факторларды асыра бағалайтын тұжырымдаманы тұрпайы географизм деп атайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География жѕне геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Әлеуметтану Санат:Саясаттану Санат:География жѕне геодезия