Гирокомпас — жердің магниттік өрісінің әсеріне ұшырамаған нақты курс пен бағыты анықтауға арналған электрнавигациялық аспап. Гирокомпас кемелер мен ракеталарда қолданылады. Ол гирорульдік автожолсалғыш үшін курс датчигі, сондай-ақ радиолокациялық станциялар мен басқа да аспаптар үшін бағыт датчигі болып табылады. Гирокомпас іс-әрекеті еркін ілінген және өз осінде тез айналатын дененін сыртқы әсерлерге қарсы түру қасиетіне және гирокомпас бекітілген объектінің бұрылыстарына тәуелсіз өзінің бастапқы жағдайын сақтап калу касиетіне негізделеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс