Қар жамылғысы Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5— жер бетіне жылдың қыс мезгілінде немесе суық күндері кристалл түріндегі қатты атмосфералық жауын-шашын түрі - қар жаууы нәтижесінде қалыптасатын қар қабаты.

Сипаты Жер шарында жыл сайын 115-126 млн.км²-ге тең келетін аумақты қар жамылғысы басады. Таза қардың альбедосы өте жоғары, 90% Күн радиациясын шағылыстырады. Қалың қар үстінде температуралық инверсия байқалады. Топырақты терең тоңданудан, ал күзде егістікті үсіктен қорғайтын ерекшелігі бар. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-30 см-ден 1 м-ге, кейде одан да жоғары деңгейге көтеріледі Таулы аумақтарда қар сызығының биіктігі Қоңыржай климат белдеуінде жерасты және беткі сулардың балансын анықтайды.

Қар жамылғысының түрлері Уақытша қар жамылғысы - жерге түскеннен кейін бірер сағат аралығында еріп кететін қар жамылғысы. Тұрақты қар жамылғысы - жер бетінде қыс бойы немесе бірнеше ай, жылдар бойы сақталатын қар жамылғысы.

Қазақстан аумағындағы қар жамылғысы thumb|center|780px| Шартты белгілер: thumb|center|780px| Қар жамылғысының Қазақстан аумағында қалыңдығы 0.1-ден (Үстірт өңірі) 1-1.5 м-ге (таулы аудандарда) дейін жетеді. Ерімей жатып қалу мерзімі бір-екі айдан (оңтүстік аудандар) 5-6 айға дейін (солтүстік аудандар, таулы аймақтар) созылуы мүмкін.

Тағы қараңыз Қар және мұз көшкіні

Дереккөздер

Санат:Жауын-шашынСанат:Атмосфералық құбылыстарСанат:Ауа райы