200px|thumb|rightҮңгі () — 1) алдын ала тесілген өтпелі және түйық тесіктерді өңдеуге (үңгілеуге) арналған көп жүэді кескіш құрал. Үңгі тұтас, құрамалы және жиынтық болып бөлінеді. Көп сатылы тесіктер жиынтық Үңгіде өнделеді; 2) цилиндр тесіктерді үңгі¬леуге арналған көп жүзді кескіш құрал. Түрлері Kұpaмa үңгі (Сборный зенкер) — түрқысынан және алмастырмалы кескіш бөліктерден тұратын үңгі. Пісірілген үңгі (Сварной зенкер) — құрылымдық болаттан жасалған, сағасы пісірілген үңгі. Сағалы үңгі (Зенкер с хвостовиком) — конусты сағасы бар үңгі. Саптама үңгі (Насадной зенкер) — құралбілікке бекітілуге арналған тесігі бар үңгі. Тұтас үңгі (цельный зенкер) - құралдық материалдан тұтас жасалған үңгі. Үңгілеу (зенкерование) — тесіктердің дәлдігін арттыру және кедір-бұдырлығын азайту үшін оларды (тесіктерді) тазалай өңдеу. Тескіш, вертикаль-жаңғылағыш және револьверлі білдектерде үңгі арқылы жүзеге асады. Үңгіш Үңгіш (зенковка) — үңгіштеуге арналған көп жүзді кескіш құрал. Үңгіш-тіліктегіш Үңгіш-тіліктегіш (зенковка-подрезка) — түпбүйір беттерді тазалауға арналған үңгіш. Үңгіштеу Үңгіштеу (зенкование) — тесіктердің жөне центр тесіктердің қиықжиектерінің айналасындағы конустық немесе цилиндрлік үңгілдер мен тірек жазықтықтарды жөну арқылы өңдеу.

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау