Ажырату сызығы көршілес бірлестіктердің (құрамалардың, бөлімдердің, кемелердің, батальоңдардың) жергілікті жерде (теңізде) әрекет ету жолақтарын (аудандарын) ажыратушы шартты сызық. Оны аға командир (басшылық) анықтайды, картада шартты белгілермен көрсетіліп, тапсырма қою кезінде бағыныштыларға жеткізіледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс