Диверсия () — қарсылас тылындағы әскери, өнеркәсіп және басқа нысандарды істен шығару, әскерлерді басқаруға кедергі жасау, коммуникациясын бұзу, адам күші мен әскери техниканы жою мақсатына сай қимыл жасайтын жеке адамдар, топтар (бөлімшелер, бөлімдер, партизан жасақтары). Диверсия тікелей шығын келтірумен катар қарсыластын жеке құрамының моральдық-психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етеді; басқа жерлерге қарсы бағытталған баспадағы, теледидардағы, радиодағы психологиялық соғыстардың бір әдісі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

Диверсиялық десант Қарсыластын жұмыстарына кедергі келтіру, бөлімдерінің ұрысқа кабілеттілігін төмендету мақсатында (темір жол қатынасын тоқтату, байланыс құралдарын бұзу, оқ-дәрі қоймаларын жару, штабтарын талқандау және т.б.) және өз әскерлерінін сәтті қимыл жасауына жағдай жасау мақсатында қарсылық тылына түсірілген десант.

Диверсиялық-барлаушылық топ Қарсылас тылына барлау және диверсия (тыңшы-агенттік) жүргізу үшін арнайы жаттықтырылған бөлімше (арнайы тағайындалған әскер). Миналармен, ЖЖ оталдырғыштарымен, әр түрлі тұтандырғыш автоматтармен, термиттік қоспалармен, радиоактивтік заттармен, от шашатын немесе күйдіргіш сұйықтармен, қоюландырғыштармен жабдықталады. Қарсылас тылына апару майдан шебінің жабық өткелі, ұшақтардан (тікұшақтардан) немесе сүңгуір қайықтардан, катерлерден және т.б. жабдықтармен жүзеге асырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Бейбіт уақытта диверсиялар

Бейбіт уақытта диверсиялық қызметті террористік топтар белсенді түрде қолданады, бұл ретте диверсиялар террористік актілердің бір түрі ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұндай әрекеттердің мысалдарын қазіргі уақытта Ауғанстанда, Иракта, Солтүстік Кавказда (тән мысал — Баксан ГЭС-індегі диверсия), Мәскеуде байқауға болады. Екі дереккөздің мәліметінше, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы КСРО аумағындағы стратегиялық газ құбырының жарылуына тікелей қатысы болған. Дереккөздер