Тотты қаяу (Раковина коррозионная; лат. corrodo — кеміремін) — 1) металдардың сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық реакцияға түсуі салдарынан бүлінуі. Тотты қаяу, әдетте, бұйымның сыртқы беттерінде қалыптасады, оның тереңдігі агрессиялы ортаның күйі мен өткен уақытына байланысты болады; 2) болатты сауытқорамға құйғанда металда жегіденің пайда болуы. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Техника Санат:Машина жасау