Көкпекті ауданы — Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Алғаш рет 1932 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына Самар ауданы еніп, 2022 жылы қайта бөлініп шықты. Жер аумағы 9,1 мың км².
Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Жарма, оңтүстігінде Ақсуат аудандарымен, солтүстігі мен шығысында ШҚО-ның Ұлан, Самар, Күршім аудандарымен шектесiп жатыр.
Ауданның жер бедері күрделі. Солтүстік бөлігін түгелдей Қалба жотасының шығыс жағы, оңтүстік бөлігін Зайсан қазаншұңқырының солтүстік бөлігі алып жатыр. Қалба жотасының екі беткейі де Ертіс өзенінің салаларымен тілімденген. Ауданның ең биік жері – Қаражал (1606 м). Зайсан қазаншұңқыры жалпы жазық болып келсе де оның әр жерінде шоқылар кездеседі. Олардың ең ірілері: Ұзынбұлақ (818 м), Ақшоқы (907 м), Қарақия (823 м), Толағай (721 м). Кен байлықтарынан ауданның жер қойнауында түсті металдардың, құрылыс материалдарының (әктас, қиыршықтас) мол қоры бар. Таз шоқысы түгелдей дерлік әктастан тұрады.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Ауданның климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң (Зайсан қазаншұңқырында). Қаңтарда ауаның орташа температурасы –20,9°С, шілдеде 20,4°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден (қазаншұңқырда) 350 – 400 мм-ге дейін барады (Қалба жотасында). Қалба мен оның оңтүстік-батыс сілемінен Зайсан көлі мен Ертіс өзеніне Қарабұғаз, Қурайлы, Көкпекті (салалары Шегелек, Талды, Қосағаш, Кіндікті), Үлкен Бөкен (салалары: Тасмөңке, Тентек, Кішібөкен), Құлажон, т.б. өзендер құяды. Солтүстік-батыстағы Ақсу, Қурайлы өзендері Зайсан көліне жетпей, оның жағасындағы құмға сіңіп кетеді. Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын Зайсан көлі мен Ертіс өзеніндегі Бұқтырма бөгені алып жатыр. Аудан жерінің топырағы, негізінен, бозғылт қоңыр. Қалба тауында және өзен аңғарларында қара топырақ тараған. Далалы өңірде бетеге, көде, сарыбас жоңышқа, ұсақ шоқылы жерлерде қараағаш, тобылғы өседі. Тау ішіндегі ылғалды жерлерде шалғын, Қалба жотасында қылқан және жалпақ жапырақты орман, оның сілемдерінің бойында шоқ қайың, терек, мойыл, долана, қарақат, әр түрлі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, аю, күзен, қоян, тиін, бұғы, елік, құстардың сан алуан түрі (қаз, үйрек, аққу, шағала, қызғыш, бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, кезқұйрық, тұрымтай, т.б.) тараған. Көлдер мен өзендерде әр түрлі балықтар мекендейді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 2023 23719 28226 33361 32970 32808 45746 18375 13932 13636
Тұрғындары 13 636 адам (2023). Ұлттық құрамы: қазақтар – 76,23%, орыстар – 19,80%, татарлар – 1,52%, немістер – 1,39%, басқа ұлт өкілдері – 1,06%.
Әкімшілік бөлінісі 28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Биғаш ауылдық округі 1010 380 37,6 543 216 39,8 467 164 35,1 Көкжайық ауылдық округі 2075 1479 71,3 1050 790 75,2 1025 689 67,2 Көкпекті ауылдық округі6214 5718 92 3032 2824 93,1 3182 2894 90,9 Қойгелді Аухадиев ауылдық округі 2155 1445 67,1 1057 741 70,1 1098 704 64,1 Тассай ауылдық округі1492 1255 84,1 760 642 84,5 732 613 83,7 Теректі ауылдық округі995 623 62,6 538 321 59,7 457 302 66,1 Үлгілі Малшы ауылдық округі1669 1112 66,6 889 590 66,4 780 522 66,9 Үлкен Бөкен ауылдық округі2019 1452 71,9 1021 753 73,8 998 699 70 Шұғылбай ауылдық округі746 468 62,7 366 239 65,3 380 229 60,3 ЖАЛПЫ САНЫ18375 13932 75,8 9256 7116 76,8 9119 6816 74,7
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Көкпекті 5103 Үлкен Бөкен 1296 Преображенка 1159 Тассай 1000 Көкжайық 995 Үлгілі Малшы 645 Теректі 623 Шұғылбай 398 Биғаш 334
Әкімдері Асхат Смаилов (2018-2020) Серікқазы Садуақасов (2020-2021) Раджан Сейітқанов (2021-2022) Ділдәбек Оразбаев (2022-2024) Әділет Қожанбаев (2024-2025) Нұрбек Қошқарбаев (2025-)
Ауыл шаруашылығы Ауыл экономикасының негізін а. ш. құрайды. Ауданда 235,8 мың га-дан астам а. ш. жері бар, 73,7 мың га егістік жер, 36,5 мың га шабындық, 125,6 мың га жайылым. Аудан жері арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай респ. маңызы бар Павлодар – Семей – Георгиевка – Көкпекті – Зайсан – Майқапшағай (Қытаймен шекараға дейін) және облыстық маңызы бар Өскемен – Жарма автомобильдік жолдары өтеді.
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы