Қамтамасыз ету алқабы (Полоса обеспечения) — қарсыласпен түйіспейтін тысқары жерде қорғанысқа көшу кезінде, әдетте бірінші эшелонда, қорғалатын әскерлердің маңдайшебінің алдында, ал кейбір жағдайда қашықтықтағы қорғаныс шебінің алдында құрылатын алқап. Қамтамасыз ету алқабын құрудьің мақсаты: қарсыласты қорғанысының шын құрылысынан жаңылдыру және оны дайындау үшін уақыт ұту, қарсыластың күштері мен құрамын, іс-қимыл бағытын және сипатын уақытында анықтау, қарсыластың шабуылын кідірту, оның басты күштерінің алдын ала жазылуына және өзіне ыңғайлы бағытта шабуылдауға мәжбүр ету, оның адам күштері мен техникасын қорғаныс шебінің алғы шебіне жеткізбей шығынға ұшырату. Қамтамасыз ету алқабының тереңдігі операция мақсаты мен мәнісіне, жергілікті жердің сипатына, сондай-ақ қорғанысты ұйымдастыруға берілген уақытқа байланысты анықталады. Қамтамасыз ету алқабы бірнеше позициядан, қорғаныс тораптарынан және бөгеттер жүйесінен тұруы мүмкін. Қамтамасыз ету алқабы минажарылғыш бөгеттер, торуылдар, қиратулар және т. б. кеңінен қолданылып, дайындалған позицияларда кезекпен ұрыс қимылдарын жүргізетін қалқалаушы әскерлердің алдыңғы жасақтарымен немесе бөлімдерімен қорғалады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс