Қимаүлгі ( — үлгі, модель) — кескіні тетіктерді белгілеуге арналған сызбаға немесе бұйымға сәйкес келетін ойықты тілімше; өлшегіш құрал;стандарт бұрандалардың адымын анықтауға (бұрамалы Қ.), дөңес және ойыс беттердің қисықтық радиусын тексеруге (радиустық Қимаүлгі), тетік пішінін тексеруге (пішіндік Қимаүлгі), тісті доңғалақтар тістерінің өлшемдерін және т.б. тексеруге арналған құрал;құрылыс жұмыстары кезінде құрылымдық элементті тиісті пішінге келтіру үшін қолданылатын айла бұйым; тексеріп бақылауға қажетті болатын құрал сайман. стандарт құрылыс тетіктерін жинастыруға арналған шеберүстел.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 бұйымның өзін немесе сызбасын каңылтырға беттестіру нәтижесінде салынған суретті ойып кесіп жасаған, тетіктің пішінін жасауға қажетті нұсқа.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Дереккөздер

Санат:Сызу