Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8,0 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.
Географиялық орны, топырағы Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Бәйтерек ауданымен және Орал қаласымен, шығысында Бөрлі, Сырым және оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған).
Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 24214 23460 26324 29027 29326 44603 39463 38285 Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%.
Әкімшілік бөлінісі 49 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік ОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021) Ақжайық ауылдық округі Ақжайық ауылы 5 4207 Ақсоғым ауылдық округі Ақсоғым ауылы 4 1179 Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы 4 2734 Аңқаты ауылдық округі Аңқаты ауылы 6 1318 Богданов ауылдық округі Богдановка ауылы 4 739 Долин ауылдық округі Долинное ауылы 4 1628 Құмақсай ауылдық округі Құмақсай ауылы 1 620 Подстёпный ауылдық округі Подстёпное ауылы 4 10983 Покатилов ауылдық округі Покатиловка ауылы 1 961 Приречный ауылдық округі Приречное ауылы 1 640 Теректі ауылдық округі Теректі ауылы 4 5791 Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылы 1 869 Шаған ауылдық округі Жаңаөмір ауылы 3 3854 Шағатай ауылдық округі Шағатай ауылы 4 1715 Шалқар ауылдық округі Сарыөмір ауылы 3 1482
Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Подстёпное ауыл 9562 Теректі (Фёдоровка) ауыл 5143 Жаңаөмір ауыл 3356 Ақжайық ауыл 2943 Сарыөмір ауыл 1249 Шағатай ауыл 1109 Ақсуат ауыл 1078 Аңқаты ауыл 1012 Покатиловка ауыл 961 Долинное ауыл 900 Ұзынкөл ауыл 869 Пойма ауыл 839 Приречное ауыл 640 Лесопитомник ауыл 639 Абай ауыл 629 Құмақсай (Новопавловка) ауыл 620 Магистральное ауыл 587 Ақсоғым (Восход) ауыл 549
Дереккөздер
Санат:Теректі ауданы