Полктік артиллерия тобы (ПАТ) — ұрыс кезіне мотоатқыштар (танк) полкінің мүддесіне міндет атқару үшін бөлінген және жалпы басқаруға біріктірілген артиллериялық бөлімдер мен бөлімшелер. Полктік артиллерия тобы дивизиондық және дивизияға қоса берілген артиллериядан құрылады, оған өзі қоса берілген полк нөмірі беріліп, сол полк командиріне тікелей бағынышты болады.

Полктік артиллерия тобының негізгі міндеттері Полктің қимыл жасау алқабындағы қарсыластың адам күшін, минаатарларын, танкіге қарсы және басқа атыс құралдарын жою. Әдетте, полктік артиллерия тобына бірнеше артиллериялық дивизион кіреді, ұрыс кезінде олардың бір бөлігі полктің бірінші эшелоны батальонының бағыныштылығына берілуі мүмкін. Полктік артиллерия тобының атысын басқаруды командир мен штабтық топ жүзеге асырады, олар әдетте, топ негізін құрайтын артиллериялық бөлімнің немесе дивизиондардың бірінің командирі мен штабынан тағайындалады. Полктік артиллерия тобы атыс жүргізу үшін ұрыстық ретке жайылады. Ол өзінің құрамына кіретін бөлімдер мен бөлімшелердің, топтың басқару және бақылау пункттерінің ұрыстық реттерінен тұрады. Ұрыс кезінде полктік артиллерия тобы полктің мотоатқыштар (танкілік) бөлімшелерін үздіксіз атыспен қолдауды қамтамасыз ету үшін дивизион бойынша ілгерілейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс