Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан Жастар құрамасы — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Қазақстан жастар құрамасы. Қазақстан футбол федерациясының бақылауында.

Қысқаша тарихы Футболдан 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде 23 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы болып құрылды. Сол іріктеу кезеңінде құрама екінші біліктілік раундына дейін жетті.

1999 жылы құрама 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысты.

2002 жылы Қазақстан УЕФА құрамына қабылданды. Ассоциацияның ауысуына байланысты Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейін 21 жасқа дейін Қазақстан құрамасы болып қайта даярланды және 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлеріне қатыспады.

2004 жылы құрама алғаш рет 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты. Онда құрама 7 команда арасында 7 орын алды. УЕФА-ға ауысқан сәттен бастап Қазақстан Еуропа жастар чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне әлі шыққан жоқ.

Ірі турнирлерде

Еуропа чемпионаты (21) ЖылСтадияОрынОЖТҰСДЖДҰ2006Іріктеу кезеңі7/71221982372007Іріктеу кезеңі -2011012009Іріктеу кезеңі4/5820691862011Іріктеу кезеңі4/5812571752013Іріктеу кезеңі4/5804421442015Іріктеу кезеңі3/5830581892017Іріктеу кезеңі4/5811631442019Іріктеу кезеңі4/6102441318102021Іріктеу кезеңі4/6103161221102023Іріктеу кезеңі5/580264142Бары - -821416526114357 О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, СД — соғылған доптар, ЖД — жіберілген доптар, Ұ — ұпайлар

Сілтемелер Қазақстан U-21

Санат:Қазақстан ұлттық құрамалары