Көктіңкөлі — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Көктіңкөлі ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 108 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен759673 518 77 333 274 82,3 340 244 71,8

Тарихы, шаруашылығы 1960-90 жылдары Көктіңкөлі атындағы кеңшардың және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негiзгi бағыттары – мал шаруашылығы, қосымша саласы – сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы ауданы 300 мың га (2006). Кеңшар негiзiнде 33 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Көктіңкөлі, Әлихан, Жыланды, Көктіңкөлі станциясы, Целинное ауылдары) 5 мектеп, ФАП, мәдениет үйі, кiтапхана, пошта, жанұялық дәрігерлік амбулатория бар. Көктіңкөлі ауылы басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т.ж. станциясы 60 км жерде.

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері