Оқшауланған аспаптар мен газтұмылдырықтар — оқшауланған аспаптардың сүзгілі газтұмылдырықтан айырмашылығы олар тыныс мүшелерін айналадағы атмосферадан толық оқшаулайды. Оқшауланған аспаптар мен газтұмылдырықтарда дем алу мүмкіндігі олардағы сығылған түрдегі (кип-7, кип-8) немесе химиялық, қосылыстар (ип-46, ип-46м) түріндегі оттек есебінен жасалады. Оқшауланған аспаптар мен газтұмылдырықтар сүзгілі газтұмылдырыктар сенімді қорғай алмаған кезде, яғни улы заттардың концентрациясы жоғары болғанда, ауада оттек жетіспеген жағдайда, мысалы, өрт сөндірген кезде қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс