Юнань құмырасы - балық, тұшпара, мәнті, көкөніс, күрішті және т.б. өнімдерді буда пісіруге арналған арнаулы ыдыс. Ыдыс отқа қойылатын, ішіне су құйылатын метал тұғырдан және тығыз жабылатын қақпағы бар шұңғыл, терең кең фарфор табақтан тұрады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1 Дереккөздер