Теңіз шолғыны (Морской дозор) — кемелер мен жағадағы объектілерді күзетудің бір түрі. Бейбіт және соғыс кезеңінде ұйымдастырылады; белгіленген аудандарда, шолғын шекараларында базаға кірер позицияларда, тар өтпе түстарда қарсылас соқкысынан флот күшін хабардар ету және күзетілетін аудандарға, флот күштеріне шабуsл жасау әрекетін тойтару мақсатында теңіз бетіндегі кемелер, сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтар аркылы жүзеге асырылады. Теңіз шолғыны күзеттегі объектіден қашықтыгына байланысты алыстан және жақыннан шолу, күзет амалына қарай жылжымалы және түракты, міндетіне қарай қайыққа карсы, катерге қарсы, минаға қарсы, әуе шабуылына қарсы болып бөлінеді. База т9рағында немесе теңіз арқыльі өткенде флот күшін күзету үшін бөлінген және кемелер мен 9шақтарда (тік ұшақтардан) тұратын теңіз шолғыны кеме (әуе) шолғыны деп аталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс