Восток футбол клубы — 1963-2015 жылдары КСРО және Қазақстан чемпионаттарында ойнаған футбол клубы. Өскемен қаласының "Восток" стадионы клубтың базасы болып табылады. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бір клуб - "Спартакпен" бірге таратылды да, орнына "Алтай" клубы құрылды. Клубтың тарихы мен жетістіктері Қазақстан чемпионатының құрылуынан кейін, клуб 18 сезонды жоғарғы дивизионда (1992 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Жоғарғы лига» деп аталды, 2002 жылдан 2007 жылға дейін «Суперлига» деген атпен белгілі болды, 2008 жылдан бастап «Премьер-лига» деп аталады.) өткізді.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1997 — 8:0 («Автомобилист», Шортанды)

Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 2007— 0:7 («Тобыл», Қостанай)

2010 жылдың 2-ші ақпанында Восток қаржы жағдайына байланысты Премьер Лигадан шеттетілді.

Клуб атауларының тарихы «Восток» (1963-1996) «Восток-Әділ» (1997) «Восток» (1998) «Восток-Алтын» (1999-2002) «Восток» (2003-о.у.)

Жетістіктері

Қазақстан бірінші лигасының жеңімпазы (1): 2010 Қазақстан кубогының жеңімпазы (1):1994 Қазақстан кубогының финалисті (2): 1997, 1999

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайты Жанкүйерлер сайты

Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:1963 жылы құрылған футбол клубтары Санат:2015 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Өскемендегі спорт Санат:Восток ФК