Торуылдан барлау (Разведка засадамн) — барлауға бөлінген бөлімшелерді дер кезінде және мұқият бүркемелеуге негізделген барлау тәсілі. Бұл бөлімшелер қарсыластын жекелеген әскери кызметшілері мен шағын тобының жұруі мүмкін жолында жасырынып, оларды тұткынға алу, құжаттарын, сондай-ақ қаруы мен жабдықтарының, ұрыс техникасының үлгілерін колға түсіру максатында оларға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Торуылдан барлау жасау орындары: ормантоғайлар, жол жиегіндегі бұталар, сондай-ақ қарсыластар жүруі мүмкін жолдардағы басқа да тасалар. Торуылдан барлау жасауға жіберілген бөлімшелер ауыстырылмайды, тиісті міндеттерін орындаған соң немесе белгіленген уақыт өткеннен кейін өздері қайтып оралады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс