Балпық би кесенесі – Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Қаратал ауданы, Кәлпе ауылы, темір жолға таяу дөндегі қорымда.

Сипаты Кесене 1994 жылы салынған. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланып, сырты мәрмәрмен қапталған. Сыртқы пішіні күмбез тәріздес. Басына граниттен құлыптас қойылған. Іргесінде жасыл желекке бөленген бақ бар. Басына келіп түнеушілерге арнайы орын жасалған. Кесененің тұрақты шырақшысы бар.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жетісу облысы сәулеті Санат:Қазақстан кесенелері