Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекараны қорғау құзіреті. Мемлекеттік шекараны корғау саласында Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның жүйесіндеп органдар өз өкілеттігі шегінде: — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында мемлекет қауіпсіздіпн камтамасыз етудің жалпы жүйесінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді; — халықаралық хабар арналарында саяси, әлеуметтік-экономикалық, қылмыстық жағдайға, сондай-ак, шектес мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында оның қауіпсіздігіне қатысты болуы мүмкін дағдарысты жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады; — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзу туралы қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізеді, шекарада өкімшілік төртіппен ұсталған адамдардың құқық бұзу мәнжайларын анықтап, тексеруге қатысады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс