Райхан Аблахатова (1938 жылы туған, Жамбыл ауданы) — спортшы. Ат спортынан КСРО чемпионы (1958). Әлемдік жастар мен студенттер фестивалінде ұйымдастырылған ат бәйгесінің жеңімпазы (1959). Аблахатова осы жарыста Луговой жылқы зауытының "Абсент" атты бәйге атымен 1800 м қашықтықты 2.03.3 минутта өтіп, бүкілодақтық рекорд жасады (1958).Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер