Гауһар Исаева 1951 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы, Шелек ауданындағы «Қазақстан» кеңшарында туған.

Ж.Қайыпов атындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскен. Қазақ радиосында жұмыс істеген. Қазіргі кезде акционерлік-коммерциялық банк кеңесінің төрағасы және Дүниежүзі кәсіпкер қазақтары орталығының бас директоры.

«Жалын» баспасынан «Бетбұрыс», «Теңізші» повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрген. «Қайнар» баспасынан деректі повесі, очерктері жеке кітап болып шыққан.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1951 жылы туғандар Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:Шелек ауданында туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақ радиосы қызметкерлері Санат:Қазақстан кәсіпкерлері