Бағдат Кәрібозұлы (18 мамыр, 1956 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Құмжиек елді мекенінде дүниеге келген) — жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1998 ж.), профессор (2002 ж.), Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.https://anatili.kazgazeta.kz/news/bederli-beles-3
Білімі 1979 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.
Еңбек жолы 1979—1984 жылдары осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 1985—1988 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды. 1988 жылы «Қазақ совет лирикасының жанрлық сипаты» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1988 — 1994 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент қызметін атқара жүріп, Қазақ филологиясы және тарих факультетінің деканы болды. 1994—1997 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың докторантурасында оқып, «Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2000 — 2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде филология, тарих және өнер институтының директоры. 2002 — 2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде проректор. 2008—2020 жылдары осы университеттің «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының директоры. 2019–2022 жылдары – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы 8D017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау бағытында Philosophy Doctor (PhD) бейіні бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы болды. 2024 жылдан бастап – «Қорқыттану» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері.Сыр елі.Энциклопедия.–Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024.–323-324- бб. ISBN 978-601-7059-54-5 Б. Кәрібозұлы 2 ғылым кандидатын, 2 PhD, 45 магистр дайындаған. Ол 2006 жылдың маусымынан бастап 200 томдық «Сырдария кітапханасын» жарыққа шығарумен айналысып, осы кітапхананың жауапты редакторы болды.
Ғылыми еңбектері мен кітаптары 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 монография, 22 ғылыми-танымдық кітаптың авторы.
Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша 4 ғылыми жобаға жетекшілік еткен.
Шығармалары «Қазақ совет лирикалық поэзиясының жанрлық спецификасы» (А, 1989, 3 б.т.) «Қайран сөз» (А., 1997, 8 б.т.). «Сырлы сөз сипаты» (А., 1997, 18 б.т.) «Өркениетке өріс» (Қызылорда, 2001, 10 б.т.) «Беталыс» (А., 2005, 14 б.т.) «Ынсап» (А., 2006, 17 б.т.) «Дидар» (А., 2007, 10 б.т.) «Ыждағат» (Астана, 2009 ж. 22б.т.) «Ырыс» (Астана, 2009 ж. 18 б.т.) «Ераға» (А.,2010, 20 б.т.) «Сырдария» (Астана, «Фолиант», 2011, 17 б.т.) «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» (Алматы: «Інжу-Маржан», 2012. – 404 б.) «Қазалы» (Астана, «Фолиант», 2013, 19 б.т.) «Қызылорда» (Астана: «Фолиант», 2015, 19 б.т.) «Жаңақорған» (Астана: «Фолиант», 2015, 19 б.т.) «Отан үшін от кешкендер» (Астана: «Фолиант», 2015, 14 б.т.). «Нағи Ілиясов атындағы ауыл және К» ТС (Астана, 2017, 20 б.т.). «Қармақшы» (Астана, 2018, 20 б.т.). «Қазақ жәдитшілдігі (Сыр бойы материалдары негізінде)» (А., 2018, 14,5 б.т.). «Сыр сүлейлері шығармаларындағы ұлттық дүниетаным сипаты» (А., 2018, 8 б.т.). «Сыр сүлейлері шығармаларының ұлттық, тәлім-тәрбиелік тағылымы» (А., 2019, 10,5 б.т.). «Сыр сүлейлері шығармаларының ұлттық сипаты. Ауыстыру» (А., 2020, 9 б.т.). «Сыр сүлейлерінің әдеби мұрасы». Монография. (А., 2020, 20 б.т.). «Базар жыраудың әдеби мұрасы» (Қызылорда, 2021, 16,75 б.т.). Жаңадан жарық көрген еңбектері:
«Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» (3 томдық): І том: Жанқожа батыр (2021) ІІ том: Аңыздар мен әңгімелер (2022) ІІІ том: Қиссалар мен дастандар (2023) «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы бойынша облыс орталығы мен аудандары туралы тарихи, ғылыми-танымдық 6 кітап.
Жеке өмірі Жұбайы Касенова Салтанат — зейнеткер. Қызы Айнұр — "Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. Бегімана, Інжу, Аянат есімді 3 немересі бар.
Марапаттары «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» (1995 ж.). «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2006 ж.). Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2006 ж.). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі (2007 ж.). Қызылорда облысы әкімінің стипендиаты (2008 ж.). «Құрмет» ордені (2009 ж.). «Үздік оқытушы» ҚР бойынша (2012 ж.). «Ел ардақтысы» медалі (2013 ж.). «Элита» медалі (2013 ж.). «Үздік оқытушы» университет бойынша (2013 ж.). Қазақстан Республикасының Президентінің «Алғыс хаты» (2015 ж.). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2015 ж.).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Қазалы ауданының құрметті азаматы (2016 ж.). «А. Байтұрсынұлы атындағы Алтын медаль» (2017 ж.). М. Дүйсенов атындағы медаль (2018 ж.). «Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.). «Қармақшы ауданына 90 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.). Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Үздік түлек медалі» (2019 ж.). Қызылорда қаласының құрметті азаматы (2021 ж.). «Парасат» ордені (2022 ж.).Профессор Бағдат Кәрібозұлына «Парасат» ордені табысталды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Құрметті профессоры (2022 ж.). «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2026 ж.)
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері