Радиотехникалық барлау — радиоэлектрондық барлаудың құрамдас бөлігі; қарсыластың, радиоэлектрондық құралдарының (РЭҚ) (радиолокациялық, радионавигациялық, радиотелебасқарушылық) орны және салалары, оның қолданылу жолы туралы мәлімет жинау. Арнайы радиотехникалық станция көмегімен жүзеге асады.

Қарсыластың РЭҚ табу, оның салалары мен қолданылу жолын анықтау олардың дабылдарының (сигнал) сәулелеу параметрі бойынша жүзеге асады. РЭҚ тұрағын анықтау 2-3 және одан да көп пеленгаторлық станция, пеленгаторлық объектіге және басқа тәсілге негізделген триангуляциялық әдіс арқылы нақтыланады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс

cs:SIGINT de:Signals Intelligence en:Signals intelligence es:Inteligencia de señales fi:Signaalitiedustelu fr:Renseignement d'origine électromagnétique gl:SIGINT he:מודיעין אותות hu:Sigint it:SIGINT ja:シギント nl:SIGINT no:Signaletterretning pt:SIGINT ru:Радиоэлектронная разведка sl:Elektronska obveščevalna dejavnost sv:Signalspaning tr:Elektronik istihbarat