Михаил Тимофеевич Калашников (10 қараша 1919 жыл, қазіргі Алтай өлкесі – 23 желтоқсан 2013 жыл, Ижевск, Ұдмұртия) — кеңестік және ресейлік генерал-лейтенант, өнертапқыш, әскери инженер, жазушы және атыс қаруының дизайнері, АК-47 автоматын жасағаны және оны жетілдіргені үшін белгілі.

Калашников Ресей Жазушылар одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеңесі 3–4- және 7–11-шақырылымдарының депутаты (1950–1958, 1966–1989) болған.

Жастық шағы Михаил Калашников 10 қараша күні, 1919 жылы Курья ауылында, қазіргі Алтай өлкесінде дүниеге келді. Калашников отбасында он тоғызы дүниеге келіп, сегіз бала аман қалды; Михаил Калашников он жетінші бала болған еді. Ұлты — орыс.

Әкесі — Тимофей Александрович Калашников (1883–1930) және анасы — Александра Фроловна Калашникова (1884–1957).

Әкесі Тимофей Калашниковтың отбасы кеңестік үкіметпен кулак болып танылып, 1930 жылы Алтай өлкесінен Томск облысына жіберілді. Бала кезінен Михаил Калашников техникаға қызығушылық танытты, түрлі механизмдердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін қызығушылықпен зерттеді. Мектепте ол физика, геометрия және әдебиетке әуес болды.

Білімі және мансабы Туған ауылы Курьяда оқуын бітіргесін Қазақ КСР жеріне көшіп, сол жерде жұмыс істеді. Мансабын «Матай» стансасының теміржол депосының оқушысы ретінде бастады. 1936 жылғы қазаннан 1938 жылғы қыркүйекке дейін Матай станциясында Түркістан-Сібір темір жолы 3-темір жол бөлімшесі саяси бөлімінің техникалық хатшысы болған.Калашников - это мир! Машинистермен, токарьлармен, слесарьлармен деподағы әңгімелесулер Михаилдың техникаға деген қызығушылығын ұлғайтып, өз қолымен бірдеңе жасағысы келетін ынтасын оятты.

Әскердегі қызметі 1938 жылғы қыркүйекте Кеңес әскерінің қатарына шақырылды, Киев арнайы әскери округінде қызметін орындады, танк механик-жүргізушілерінің мектебін бітірді.

Мектептегі оқуы кезінде танк қозғалтқышының ресурсын есептейтін құрылғы ойлап шығарады, сол өнертабысы үшін Георгий Жуковтан сыйға сағат алды, және Жуковтың бұйрығымен Калашников Мәскеудегі құрылғының тестілеуін қадағалауға жіберілді. 1941 жылы, 24 маусым күні жасалған құжат бойынша Калашников жасаған есептейтін құрылғысы «оңай құрастырылады, салмағы жеңіл және габариті аз». Калашниковтың құрылғыны оятқыштан жасағаны белгілі.

Ұлы Отан соғысының басталған салысымен аға сержант Калашников 108-танк дивизиясының құрамында танк командирі болды. 1941 жылғы тамызда Брянск маңында қатты жарақат алады.

1941 жылғы тамыздан 1942 жылғы сәуірге дейін ол қазіргі Липецк облысындағы ауруханада емделген. Сол жерде ол пистолет-пулемёт жасауды ойластырды. Алты ай емделіп, Матай стансасына оралды да, ойлап тапқан қарудың сынақ үлгісін жасады. Алматыға көшкен Мәскеу авиациялық институтында қарудың екінші үлгісі құрастырылды.

1942 жылғы сәуірде Калашников Кеңес әскері Орталық ұсақ қарулар зерттеу полигонының Бас артиллерия басқармасына жіберіліп, сол жерден әскери қызметін жалғастырды. Келесі айда қарудың үлгісі Самарқанға көшкен Ф.Э.Дзержинский атындағы Артиллерия академиясына жіберілді. Мұғалім және ғалым Анатолий Благонравов Калашников қаруының қабылдануына қарсы шықты, бірақ сонда да аға сержанттың өнертапқыштығын мақтады.

1947 жылы Калашниковтың жаңартылған автоматы түрлі сайыстарда жеңіске жетті және ол 1949 жылы «7.62-мм Калашников автоматының 1947 жылғы үлгісі» атауымен Кеңес әскерінің қолданысына енді.

Кейінгі өмірі нобай|солға|Юджин Стоунер (сол жақта) мен Михаил Калашниковтың (оң жақта) өз автоматтарының көрсетуі 1949 жылдан бастап Михаил Калашников Ұдмұртияның Ижевск қаласында тұрып, жұмыс істеді. Техника ғылымдарының докторы (1971) дәрежесіне ие болды және 16 академияның мүшесі болды.

Мансап барысында ол негізгі дизайнды қару-жарақ отбасына айналдырды, мысалы өндірісі жеңіл әрі арзан, алғаш рет 1959 жылы қолданысқа енгізілген AKM (, Жаңартылған Калашников автоматы) дизайны.

Калашников қарудың бақылаусыз таратылғанына қынжылса да, ол өзінің өнертабыстары мен олардың сенімділігі бойынша беделін мақтан тұтып, оның мылтығы «қорғаныс қаруы» екенін және «шабуыл қаруы емес» екенін баса айтты.

Калашниковтың өзі оны ақшадан гөрі еліне қызмет етуі ынталандыратын деген. Ол Marken Marketing International неміс компаниясының 33%-ына ие болды. Компания арақ, қолшатырлар мен пышақтар сияқты Калашников атауы бар тауарлар сатады.

Михаил Калашниковтың поэт болғысы келгені белгілі. Оған қоса, ол — алты кітаптың авторы.

Атыс галереясы мен атыс тирлеріне жиі барғандығынан Михаил Калашников есту қабілетінің бұзылуына ұшырады, кейін оны заманауи медицина көмегімен де қалпына келтіру мүмкін болмады.

Денсаулығының нашарлауы және өлімі нобай|оңға|Михаил Калашниковтың жерлену рәсімі кезіндегі Ресей президенті Владимир Путин (ортада) және Калашниковтың ұлы Виктор Калашников (оң жақта) 2012 жылы Михаил Калашниковтың денсаулығы үлкен жасына байланысты нашарлай бастады. Калашниковтың көмекшісі Николай Шкляевтың айтуынша, дизайнер 2012 жылғы наурызда өзін нашар сезінген, содан кейін ол жұмысын тоқтатқан. Желтоқсан айында ол жоспарлы тексеруден өту үшін Ұдмұртияның республикалық клиникалық-диагностикалық орталығына жатқызылды.

2013 жылғы жаздың басына қарай дизайнердің жағдайы қайтадан нашарлады. Арнайы медициналық модульмен және құрал-жабдықтармен жабдықталған Төтенше жағдайлар министрлігінің Ил-76 ұшағы Калашниковты Мәскеуге жеткізу үшін Ижевск қаласына ұшты. Медициналық тексеруден өту қажеттілігіне байланысты дәрігерлер Михаил Тимофеевичті Мәскеу клиникаларының біріне жіберуге шешім қабылдады. Мәскеуде Михаил Тимофеевичке өкпе эмболиясы диагнозы қойылды. 2013 жылғы қыркүйекте емдеу және оңалту курсынан өткеннен кейін Ижевск қаласына оралды.

Қарашаның ортасында оның денсаулығы қайтадан нашарлап, 17 қарашада Михаил Калашников Ұдмұртияның республикалық клиникалық-диагностикалық орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Желтоқсан айында Ұдмұртияның басшысы Александр Волков Михаил Калашниковқа ота жасалғанын хабарлады. Алайда, ауруханаға жатқызылғаннан кейін бір айдан кейін оның денсаулығы әлі де нашар болды.

2013 жылғы 21 желтоқсанда Михаил Тимофеевич Калашников 95 жасында, Ижевск қаласында қайтыс болды. Бұдан бұрын ол «асқазаннан қан кету» диагнозымен жансақтау бөліміне ауыстырылған еді.

Калашниковпен "қоштасу" рәсімі 25 және 26 желтоқсанда, жерлеу рәсімі 26 желтоқсанда Ижевск қаласындағы Әулие Михаил соборында өтті. Ұдмұртия басшысының жарлығымен 2013 жылғы 26 және 27 желтоқсанда республикада Калашниковтың қайтыс болуына байланысты қаралы күн жарияланды.

Михаил Калашников 2013 жылғы 27 желтоқсанда Федералдық әскери мемориалдық зираттың батырлар пантеонында жерленді. Михаил Калашниковпен қоштасуға Ресей президенті Владимир Путин, қорғаныс министрі Сергей Шойгу, президент әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов және басқалар да келді.

Отбасы Михаил Калашников екі рет үйленген. Тұңғыш әйелі, Екатерина Даниловна Астахова, Алтай өлкесінің тумасы болған және Матай стансасының темір жол депосында Калашниковпен бірге жұмыс істеген.

Екатерина мен Михаилдың отбасында ұлы Виктор (1942–2018) болған. Виктор Калашников кейін атыс қаруының конструкторы, Калашников концернінің жетекші инженері, техника ғылымдарының кандидаты болған.

Калашниковтың екінші әйелі техник-конструктор Екатерина Викторовна Калашникова (Моисеева, 1921—1977) болды. Михаилға күйеуге шығуынан бұрын Екатеринаның бір қызы, Нелли (1942 туған) болған. Михаил мен Екатеринаның екі туған қызы, Елена (1948 туған) мен Наталья (1953–1983) болды. Кенже қызы Наташа 1983 жылғы қарашада жол-көлік оқиғасы себебінен қайтыс болған.

Қыздары Нелли Мәскеуде, Елена Ижевскіде тұрады.

Ықпалы нобай|солға|150px|Михаил Калашниковтың жүзжылдығына арналған Ресей Орталық банкінің 2 рубль монетасы, 2019 Калашников автоматы Ресей символдарының бірі болып кеткен. Оған қоса, ол бірнеше мемлекеттің туларында бейнеленген: оны Мозамбик, Зимбабве және Шығыс Тимордың туларында табуға болады. Калашников автоматы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында әлемдегі көптеген қақтығыстарда негізгі атыс қаруы болды.

Әлемде жалпы 70 миллионнан астам Калашников автоматтары құрастырылған. Михаил Тимофеевичтің қайтыс болуына қарай оның автоматын әлемнің 50-ден астам елінің қорғаныс күштері қолданады.

Калашников мұражайы 2004 жылы 4 қарашада Ұдмұрт Республикасының Ижевск қаласында ашылды. Мұражайда генерал Калашниковтың өмірбаяны жазылған және АК-47 өнертабысы құжатталған. Калашников автоматының мұражай кешені, бірқатар залдар мен мультимедиялық көрмелер АК-47 винтовкасының эволюциясына арналған және ай сайын 10,000 келушілерң бар.

Мексикада АК-47 оқжатарының қисық дизайнына байланысты «Cuerno de Chivo» (сөзбе-сөз «Ешкі мүйізі») деген атпен белгілі. Бұл мексикалық картельдерінің таңдаулы қаруларының бірі. АК-47 кейде мексикалық халық музыкасының мәтіндерінде айтылады.

Марапаттары нобай|оңға|Дмитрий Медведевтің Калашиновты 90-жылдығымен құттықтап, Ресей Батыры Алтын Жұлдызын табыс етуін, 2009 жыл Төменде берілген марапаттар тізімі толық емес. Конфессиялық, аймақтық және қоғамдық марапаттар, және басқа да марапаттар тізімге енгізілмеген.

КСРО 35px Орақ пен балға медалі (1958) 35px Орақ пен балға медалі (1976) 40px Ленин ордені (1958) 40px Ленин ордені (1969) 40px Ленин ордені (1976) 40px Қазан төңкерісі ордені (1974) 40px I-дәрежелі Отан соғысы ордені (1985) 40px Еңбек Қызыл Туы ордені (1957) 40px Халықтар Достығы ордені (1982) 40px Қызыл жұлдыз ордені (1949) 40px Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі (1970) 40px КСРО мемлекеттік шекарасын қорғаудағы ерекшелігі үшін медалі (1950) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі (1946) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалі (1945) 40px Еңбек ардагері медалі (1980) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл мерейтойлық медалі (1965) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл мерейтойлық медалі (1975) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл мерейтойлық медалі (1985) 40px Мәскеудің 800 жылдығын еске алу медалі (1947) 40px Кеңес Әскері мен Флотына 30 жыл мерейтойлық медалі (1948) 40px КСРО Қарулы Күштеріне 40 жыл медалі (1957) 40px КСРО Қарулы күштеріне 50 жыл мерейтойлық медалі (1967) 40px КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл мерейтойлық медалі (1978) 40px КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл мерейтойлық медалі (1988)

Ресей Федерациясы 40px Ресей Федерациясының батыры (2009) 40px Әулие Андрей ордені (1998) 40px II-дәрежелі Отанға сіңірген еңбегі үшін ордені (1994) 40px «Әскери еңбегі үшін» ордені (2004) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл мерейтойлық медалі (1995) 40px Жуков медалі (1993) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл мерейтойлық медалі (2005) 40px 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл мерейтойлық медалі (2010)

Қазақстан 40px I-дәрежелі Достық ордені (2003) Қазақстанның құрметті инженері (2004)

Шетелдік марапаттары 40px Құрмет ордені (Беларусь, 1999) 40px Карабобо жұлдызы ордені (Венесуэла, 2006) 40px Достық ордені (Оңтүстік Осетия, 2003)

Премиялары I-дәрежелі Сталин премиясы (КСРО, 1949) 40px Лениндік сыйлық (КСРО, 1964) 40px Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығы (Ресей, 1997) Ресей Федерациясы Президентінің премиясы (Ресей, 2003) А.В.Суворов атындағы Бүкілресейлік әдеби сыйлық (Ресей, 2009)

Дереккөздер

Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ресей өнертапқыштары Санат:Ресей инженерлері Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері Санат:Ресей жазушылар одағы мүшелері Санат:XX ғасыр өнертапқыштары Санат:КСРО өнертапқыштары