Қамысқала — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Қамысқала ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 56 км жерде, Алакөлдің солтүстік-батыс жағалауында, қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1733878 809 92,1 443 418 94,4 435 391 89,9

Тарихы Ауыл 1993 жылға дейін "Рыбачье" деп аталды. Іргесі 1943 жылы балық шаруашылығымен айналысатын артель ретінде қаланды. Құрамына Балқаш балық зауыты, Бескөл тоңазытқышы, бөшке жасау цехтары және "Сағат", "Жарсуат", "Алакөл", "Ұялы" балық кәсіпшіліктері, соңдай-ақ машина-мелиоратор станциялары кірді. 1997 жылдан Қамысқалада және округке қарасты Алакөл, Ұялы ауылыдарында ЖШС, ӨК және шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектептер, кітапхана, клуб, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы елді мекендері