Қарасаз — Алматы облысы Райымбек ауданындағы ауыл, Қарасаз ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы − Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде, Шалкөдесу өзенінің жағалауында, Қаратау жотасының батысында, бетеге, сұлыбас, боз, т.б. астық тұқымдас шалғынды шөп өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауаралық жазықта орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен26852250 1869 83,1 1138 996 87,5 1112 873 78,5

Тарихы Ауыл 1962-97 жылдары қой өсіретін "Энгельс" ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Қарасазда және округке қарасты Тұзкөл ауылында шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта, бастауыш мектеп, кітапхана, клуб, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ауылда М.Мақатаевтың мемориалдық музейі бар.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы елді мекендері