Батық Мәжитұлы (1951 жылы 12 ақпанда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған) - ақын.
Өмірбаяны 1977 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Нарынқол, Шелек аудандық газеттерінде тілші «Ақиқат» журналында бөлім меңгерушісі «Егемен Қазақстан» газетінде меншікті тілші. Қазір «Мұқағали» журналында Бас редактор болып қызмет істейді.
Шығармалары 1983 жылы «Жазушы» баспасы шығарған «Рауан» атты ұжымдық жинаққа «Тау мінезі» деген атпен топтама өлеңдері енген. 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан «Мына заман, қай заман» атты жыр кітабы жарық көрген. Марапаттары 1995 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Алматы бөлімшесі, облыстық мәдениет басқармасы тағайындаған «Тұлпар» сыйлығының иегері, «Мың бала» конкурсының бас жүлдегері. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:12 ақпанда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Құлжада туғандар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері