Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің атыс жүйесі () объектіні (ауданды, бағытты) корғау кезінде әуе қарсыласын жою үшін бөлімшелердің, бөлімдердің, құрамалардың немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің топтастықтарының атыс үйлесімділігін бағыттар, биіктіктер мен шептер бойынша жоспарлау және ұйымдастыру. Ол ұрыс тапсырмасына қолда бар күштер мен құралдарға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты құру бойынша басшылыктың түпкі ойларына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс