Жауынгерлік іс-қимыл журналы — ұрыс қимылының барысы мен дайындығы туралы моліметтер жазылатын есепақпараттык құжат. Майдандағы армия (флот) құрамындағы 1-ші, 2-ші рангілі кеме, бөлім, құрама, бірлестік штабында жүргізіледі. Әскери тәжірибені оқып үйрену, есеп беру және анықтама құрастыру үшін қолданылады. Жауынгерлік іс-қимыл журналына жазбалар күнделікті жазылып тіркеледі. Онда ұрыс (операция) аддындағы жалпы жағдайлар, шешім кабылдайтын әскерлердің (күштердің) міндеттері, ұрыс кимылдарының барысы, сабақ боларлық ұрыс эпизодтары және басқа мәліметтер көрсетіледі. Жауынгерлік іс-қимыл журналына есеп беру карталары мен сызбалары тіркелуі мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс