Жер үстіндегі ядролық жарылыс — жердің үстінде немесе жарқыл шығару аймағы топырақпен астасатындай биіктікте жасалатын жарылыс. Пішіні жарты шар түрінде болады, жерден шаңды өзімен бірге ілестіре көтеріп, бірнеше минуттан кейін саңырауқүлақ пішініне ие болады. Жердің бетінде шүңқыр пайда болады, оның көлемі жер үстіндегі ядролық жарылыстың куатына және топырақтың түріне байланысты. Жер үстіндегі ядролық жарылыстың соққы толқынымен, жарқыл сәуле шығаруымен және өткір радиациямен зақымдау радиусы әуедегі жарылысқа қарағанда аз. Жер үстіндегі ядролық жарылыс болған ауданда және радиоактивті бүлттың өткен ізінде радиоактивті зақым едәуір көп болады. Жер үстіндегі ядролық жарылыс жер үстіндегі берік салынған ғимараттарды қирату үшін колданылуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс