Лингвистикадағы өзгерістер түрлері: Дыбыстық өзгерістер немесе фонетикалық өзгерістер Дыбыстық өзгерістер немесе фонетикалық өзгерістер - тілдің даму барысында кез- келген дыбыстық өзгерісті жалпы мағынада белгілейтін термин.
Позициялық өзгерістер Позициялық өзгерістер -қолданылу позициясында шартты түрде алынған дыбыстардың өзгеруі. Мұндай езгерістер ерекше фонетикалық жағдайларда пайда болады. Мысалы, сөз басында/сөз соңында, екпінді дауыстылар үшін сөз соңында/екпінсіз позиция және т.б.
Сөйлемнің түрін өзгерту Сөйлемнің түрін өзгерту-аударма кезінде жай сөйлемді құрмалас сөйлемге және кұрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдырудан, бөлшектеу мен біріктіруден антонимикалық аударма кезіндегі грамматикалық трансформациялар, синтаксистік байланыс түрінің өзгеруі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика. Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
Дереккөздер
Санат:Лингвистика