Оранжад — апельсиндерден, дайын апельсин шырынынан немесе цедрасынан дайындалатын лимонад тәрізді сусын. 1 л су, 1 кг қант, 8 апельсин, 35 г шарап-тас тұзы (100 мл лимон шырыны немесе лимон қышқылы). Қанттан 1 қою шырын қайнатып, салқындатылған соң үстіне шырын және цедра, лимон қышқылын қосады да, сүзгілеп алынады. Аспаздықта бисквиттерге, тәтті құймаларға, ыстық десертті тағамдарға, кейбір жарма тағамдарына қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
Дереккөздер