Дәурен Берікқажыұлы (15.05.1974 жыл, Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) - ақын.
Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) түлегі. 1996 — 1999 жылдары орта мектепте ағылшын тілінен дәріс берді. 1999 — 2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да ағылшын тілінен дәріс берді. Қазір «Қазақстан» телерадио компаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді. Шығармалары Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді. Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное» («Қазақ университеті») , «Жас ақындар жырларының антологиясы» («Өлке») жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің — жырларым» («Жазушы») және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан «Апіе тегісііет» жыр жинақтарының авторы. 2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:15 мамырда туғандар Санат:1974 жылы туғандар Санат:Үржар ауданында туғандар Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Қазақстан ақындары