Ахметжан Нұртазин (1908, Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Көктерек ауылы- 1975) - жазушы.
Өмірбаяны Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.
Кеңес, шаруашылық қызметтерінде істеген. Соңғы 25 жыл бойы ауданаралық орман шаруашылығының директоры болды. Шығармалары Аудан, облысаралық айтыстарға қатысты. «Полковник қызы», «Партизан Қостан», «Таубай» атты дас-тандары бар. «Орман сыры» (1969), «Көк тоғай» (1972) атты жинақтары шыққан.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:1908 жылы туғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Шал ақын ауданында туғандар