Нора Пфеффер (31 желтоқсан 1919, Тифлис — 15 мамыр 2012, Кёльн) — неміс әрі кеңес ақыны, аудармашы және эссеист.

Өмірбаяны А.С.Пушкин атындағы Тбилиси педагогикалық институтында (ағылшын және неміс тілдері факультеттерінде) оқыған. Оқуды Мәскеу, Алматы шет тілдер институтында жалғастырған. Тбилиси медицина техникумында, Алматы шет тілдір институтында ұстаздық етіп, Қазақ мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған. Әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Алғашқы туындылары «Нойес Лебен», «Фройнд шафт» газеттерінің беттерінде басылған. Содан бері бірнеше өлеңдер жинағы «Қазақстан» баспасынан шықты. Балаларға арнап жазды. Бірқатар жырлары КСРО және ГДР мектеп оқулықтарына енген. Кейбір қазақ, орыс, грузин, латыш ақындарының өлеңдерін неміс тіліне аударған. «Приключение Отара», «Обезьянка Мик» және «У синего Черного моря» атты жинақтары орыс және латыш тілдеріне аударылған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Неміс ақындары Санат:1919 жылы туғандар Санат:Тбилисиде туғандар