Энгельс Ғаббасов (17.01.1937, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы -11.07.2014, Орал) - жазушы, қоғам қайраткері. Филология ғылымының кандидаты (1976), доцент (1978). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001).
Орал педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін (1957), Алматы жоғары партия мектебін (1966), КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957-1968 жылдары мұғалім, комсомол жұмысында, 1966 жылдан Орал облыстық партия комитетінде жауапты қызметте болды. Екі рет ҚР Парламентінің депутаты болып сайланды.
1995 жылдан Қазақстан жазушылар одағының және халықаралық ПЕН-клубтың мүшесі. Батыс Қазақстан өңіріндегі сынақ полигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Қарт шопан» атты алғашқы әңгімесі «Простор» журналында (1965) жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Шығармалары «Жапандағы жалғыз ағаш» (1976), «Өткен жаз бен осы қыста» (1979), «Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982), «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983), «Махаббат хикаясы» (1986), «Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:17 қаңтарда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Казталов ауданында туғандар Санат:11 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2014 жылы қайтыс болғандар Санат:Оралда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Филология ғылымдарының докторлары
Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 13-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Қазақстан президенттігіне кандидаттар