Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллин - 1955 жылы 31 шілдеде Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қыстау Қарағай ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1981), Мәскеудегі Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған (1991). 1980-1983 жылдары «Ленинская смена» (қазіргі «Экспресс-К») газетінде тілші, әдеби бірлестік жетекшісі, Қазақстан ЛКЖО ОК жанындағы республикалық жастар шығармашылығы бірлестігі төрағасының орынбасары, 1983 — 1985 жылдары «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1985—1989] жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары, 1997 жылдан шыға бастаған «XXI век» газетінің Бас редакторы болды.

Шығармалары Алғашқы «Таңдау» атты әңгімесі 1981 жылы «Студенческий меридиан» журналында жариялайды. Шығармаларын орыс тілінде жазады.

«Өмірді түсінуге құштарлық» (1983), «Жанымыздан тазалық арылмасын» (1983), «Ғасырларға санамыз саяхаттап» (1985), «Тәубеге келу» (1986), «Тарих пен тарихилық» (1990), т.б. еңбектері жарық көрді. Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Әбішевтің, Т.Кәкішевтің, С.Бердіқүловтың бірқатар мақалалары мен әңгімелерің сондай-ақ Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын (1987, 1989), Т.Жұртбаевтың «Алып тұлға» деректі повесін (1991), Қ.Жұмаділовтың «Атамекен» романын (1992) орыс тіліне аударды. «Режим и сопротивление» (2001), «Серьезный разговор» (2008) кітаптарының авторы. 2001-2004 жылдары АҚШ-тағы «Вашингтон пост», «Вашингтон таймс» басылымдарында мақалалары жарияланған.

Жетістіктері «Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алған.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:31 шілдеде туғандар Санат:1955 жылы туғандар Санат:Біржан сал ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері