Жалпы тілдік құбылыстар (лат. Universalis жалпы, жалпыға бірдей)— барлық тілдерге немесе олардың көпшілігіне тән тілдік құбылыстар. Жалпы тілдік құбылыстар теориясының анықтайтыны: 1) барлық адамзат тілінің хайуанаттар тілінен ерекше жалпы қасиеттері; 2) әрбір тілдегі белгілі тәсілдер арқылы білдірілетін мазмұндық категориялардың жиынтығы. Мысалы: субъект пен предикат арасындағы қатынастар, тәуелсіздік, бағалау, анықтық-танықтық, көптік категориялары, тема, тема (қараңыз) жіктерінің болуы барлық тілдерге тән; 3) барлық тілдік деңгейлерге катысты тілдің өзіндік жалпы қасиеттері. Мысалы, : барлық тілдерде фонемалардың оннан кем не сексеннен артық болмайтыны, егер тілде дауыссыздар тіркесі "созылыңқы дауыссыз + мұрындық дыбыс" түрінде болса, онда "созылыңқы дауыссыз + шуыл дыбыс" түрінде де болатыны; егер сөз бір буынды болса, онда ол бір морфемадан тұратыны; тілде әуенді екпін болатыны; субъект, объект етістіктің алдында тұрса, онда тілде септік болатыны; егер субъект етістіктің соңында, объект субъектіден кейін тұрса, онда сын есім атау сөзден кейін орналасатыны; егер тілде предлог болмай, демеулік болса, онда ілік септігіндегі зат есім атау септігіндегі зат есімнің алдында тұра¬тыны т. б. Жалпы тілдік құбылыстар лексика-семантикалық салада кездеседі. Мысалы, , "ауыр салмақты" тіркесі — "киын" ұғымымен, "дәмі ащы"— "қасіретті, қайғылы", "дәмі тәтті" — "жағымды, ұнамды", "көлемі үлкен" — "манызды" ұғымдарымен мәндес болып келеді. Жалпы тілдік құбылыстар антикалық грамматикалардан белгілі, орта ғасырларда (13 ғ.) "универсал грамматика" термині туған; Пор-Рояль универсал грамматикасында бұл ұғымның тілдік негізі салынған. 20 ғ. 60—70 жж. (негізінен КСРО мен АҚШ-та) Ж. т. к. казіргі тіл білімінің объектісіне айналды. Әр түрлі тілдерден жиналған Жалпы тілдік құбылыстарға байланысты материалдар молайды, оған тілдерді құрылымдық жүйе жағынан сипаттау (әсіресе фонологияда), Африка, Оңтүстік-шығыс Азия, Океания тілдерін зерттеу нәтижесінде құрылымдық типология шекарасының кеңеюі себеп болды. Жалпы тілдік құбылыстардың осы күнгі теориясы үшін ен маңыздысы оларды түсіндіріп талдау болып табылады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика