Шағынжинақты мектеп - балалар саны жеткіліксіз болғандықтан әр түрлі жастағы балалардан тұратын, шағын толықтырылған (әрқайсысында 2-3 баладан) сыныптар құрылатын мектеп; бір мұғалім бірнеше сыныппен жас шамасы топтарына сәйкес келетін оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Шағынжинақты мектеп бастауыш, негізгі (толық емес орта) және орта бола алады. Шағынжинақты мектеп, әдетте, ауылдарда ашылады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.ISBN 9965-808-85-6 Дереккөздер

Санат:Педагогика Санат:Терминология