Шекараны межелеу сызы­ғы ( ) — 1) соғысушы екі жақ бітімге келген кезде айырып тұратын сызық (атысты үзілдікесілді тоқтату сызығы); 2) жеңіске жеткен мемлекеттің аумақтық аймағын айқын көрсетуші сызық; 3) таласушы көрші мемлекеттер арасында тұрақты шекара мәселесі анықталғанға дейінгі аумақта қалыптасқан сызық.

Аралық алқапты (аймақты) бейтарап деп санап, кейде әр жақ үшін жеке сызық белгілейді. Шекараны межелеу сызы­ғы соғысушы немесе келіспеуші жақтар арасындагы келісіммен, болмаса одақтастар (басқыншы державалар) арасындагы келісім-шартпен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс