Ащыбұлақ — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласының солтүстік-шығысында 39 км жерде, Киікбай өзенінің сол жағалауында жусан аралас астық тұқымдас шөптесін өскен Қарасу жотасының солтүстік беткейіндегі тау-алдының қоңыр, қызғылт-қоңыр топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен24452767 2685 97 1383 1388 100,4 1384 1297 93,7

Тарихы Ауыл 1957—97 жылдары «Қазақстан» кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде 1997 жылы «Голд-Продукт» жүзім зауыты ЖАҚ, «Төрткөл Мале», «Райымбек» ЖШС және 460 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ащыбұлақта және округке қарасты Қазақстан, Жолдыбай Қайыпов ауылдарында 3 орта мектеп, 2 мәдениет үйі, 3 кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары бас­қа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері