СинтагматикаТіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9 — Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі — сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау. Бұл тұрғыда Синтагматика парадигматикаға қарама-қарсы құбылыс ретінде танылады; Тілдік бірліктерінің арасында болатын, тура қалыптағы байланысты білдіретін — "сөйлеуде не мәтінде бір мезгілде іске асатын Синтагматикалық қатынас" ұғымының синонимі; Синтагма туралы ілім; тілдік бірліктерінің горизонтал (келденең) қалпындағы Синтагматикалық қатынастары туралы ілім. Синтагматикалық қатынастар тіл деңгейлерінің бәрінде байқалатындықтан, олар фонетикалық, фонологиялық, морфологиялық, лексикалық Синтагматика т.б. түрде қарастырылады
Тағы қараныз: Парадигма Синтагма Парадигматика
Дереккөздер
Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика Санат:Синтаксис