Тергеушінің қаулысы () - қылмыстық іс жүргізуде — іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес, алдын ала тергеу іс жүргізуі кезінде тергеуші немесе анықтауды жүзеге асырған адам қабылдаған шешім. Тергеушінің қаулысы: қылмыстық істін жүргізілуін; іске қатысатын адамдардың істі жүргізудегі жағдайын; күдікті немесе айыпталушының бұлтартпау шарасын; қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық залалды қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша және т.б., сондай-ақ сараптама тағайындау туралы, тінту және алу өндірісін, куәландыруды, тануды, тергеу сынақтары және т.б. анықтайтын мәселелер бойынша шығарылады..Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң