Маржан Ершуова - 1972 жылы 15 сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҮУ-дың аспирантурасын тамамдаған. Филология ғылымының кандидаты. IV Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. Өлеңдері «Жас ақындар жырларының антологиясына» енген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Шығармалары Дариға ғұмыр, жыр-жүрек. «Ақ Жайық», 1998; Таңғы шық. «Өлке», 2000; Жапырақ ғұмыр. «Елорда», 2001; Қоңыр. «Өлке», 2003; Шырақ. 2004.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Атырау облысы тұлғалары Санат:1977 жылы туғандар